HomeBlogЖаңалықтар2026 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігінің және «Қазақстан корейлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен өңірлік облыстық корей жастары қозғалысының ұйымдастыруымен «Жастар форумы – 2026» өтті.

2026 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігінің және «Қазақстан корейлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен өңірлік облыстық корей жастары қозғалысының ұйымдастыруымен «Жастар форумы – 2026» өтті.

Форум қатысушыларына Ким Лилия Михайловна – «Қазақстан корейлері қауымдастығы» қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қауымдастықтың Қарағанды филиалының құрметті төрағасы; Цой Олег Романович – Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы басшысының орынбасары; Аймағамбетов Нұрлан Мұратұлы – Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары; Ким Владислав Валерьевич – «Қазақстан корейлері қауымдастығы» Қарағанды филиалының төрағасы құттықтау сөздерін арнады.

Сондай-ақ форум аясында кәсіпкер, тұлғалық даму жөніндегі жаттықтырушы, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» жанындағы Іскерлік клубтың резиденті Лигай Дмитрий Вячеславович сөз сөйледі. Қазақстан корейлері республикалық жастар қозғалысының төрағасы Кон Валерий Игоревич қозғалыстың қызметі, жүзеге асырылып жатқан жобалары мен жас ұрпаққа арналған мүмкіндіктері туралы баяндады. Іс-шара барысында қатысушылар Корей жастары қозғалысының қызметімен, ұлттық дәстүрлерді сақтауға, жастар көшбасшылығын дамытуға және мәдениетаралық диалогты нығайтуға бағытталған жобалары мен бастамаларымен танысты.

Форум Қарағанды, Теміртау, Астана және Көкшетау қалаларынан келген белсенді әрі бастамашыл жастардың басын қосып, танысуға, пікір алмасуға, жаңа идеяларды талқылауға және бірлескен қызметтің тың мүмкіндіктерін қарастыруға арналған маңызды алаңға айналды. Мұндай кездесулер жастар қауымдастығының белсенді дамуына ықпал етіп, пікірлес жандарды табуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Форумға қатысушылар «Қазақстан корейлері қауымдастығы» Қарағанды филиалының шығармашылық ұжымдарымен танысты. Ұлттық барабандардағы шебер орындаушылық, гүлдермен орындалған нәзік би және K-Pop тобының жігерлі өнер көрсетуі көрермендердің ешқайсысын бейжай қалдырмады. Тимбилдинг қатысушылардың бір-бірімен жақынырақ танысып, достық қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді. Ал ұлттық барабандарда ойнау, корей билері, K-Pop, «Нориге» атты дәстүрлі әшекей бұйымдарын жасау және корей жазуы бойынша өткізілген шеберлік сабақтары жастарға жаңа өнер түрлерін меңгеріп, шеберліктің қыр-сырын тануға жол ашты. Қарағанды академиясы форум қатысушыларына оқу орны бойынша экскурсия ұйымдастырып, академияның тарихымен және мақтанышына айналған түлектерімен таныстырды. Академияның ерекше мақтанышы – оның мұражайы. Қатысушылар оқу орнымен зор қызығушылықпен танысып, осындай бірегей мүмкіндіктің форум аясында бұйырғанына қуанды. Форум аясында K-Pop байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Сонымен қатар Қарағанды облыстық жастар қозғалысының белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.