
Кездесу барысында ұйым қызметінің өзекті мәселелері қаралды. «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы саммиті мен 2026 жылғы Корей кәсіпкерлерінің 24-ші дүниежүзілік съезінің қорытындылары туралы «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ төрағасы Юрий Андреевич Цхай баяндады. «K-PARK» жобасының дамуы туралы Қазақстан халық кеңесінің мүшесі, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары, «K-PARK» жобасының даму және ынтымақтастық жөніндегі директоры Александра Сергеевна Цхай таныстырды.
Сондай-ақ қатысушыларға «Қазақстан корейлеріне – 100 жыл» өңірлік бағдарламасы таныстырылды. Бағдарлама аясында бірқатар естелік және қоғамдық маңызы бар іс-шараларды өткізу жоспарланған. Олардың қатарында ардагерлерді құрметтеу, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы, Алғыс айту күні және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар бар. Өңірлік бағдарламаның таныстырылымын «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Владислав Валериевич Ким және «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ Астана қаласындағы филиалының басшысы Цой Евгений Борисович Цой жасады.
Кездесу соңында қатысушылар алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын талқылап, тәжірибе алмасты және жоспарланған іс-шараларды іске асыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Жұмыс кездесуі өңірлік орталықтардың қызметін үйлестіруге, өзара іс-қимылды дамытуға және корей халқының мәдени мұрасын сақтауға бағытталған маңызды пікір алмасу алаңына айналды.


