HomeBlogЖаңалықтар«Вайнах» ансамбліне 30 жыл

«Вайнах» ансамбліне 30 жыл

Қарағанды облысының Достық үйінде шешен-ингуш этномәдени бірлестігі жанынан құрылған «Вайнах» ансамблінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, қоғам өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жиенбаев Дархан Саулеханұлы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлденей Әлібек Үсенұлының құттықтау хатын оқып берді. Онда «Вайнах» ансамблінің ұлтаралық келісімді нығайтуға, ұлттық мәдениетті сақтап, дамытуға және қоғамдық келісімді қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Сондай-ақ ұжымның үш онжылдық бойы ұлттық өнерді лайықты деңгейде таныстырып, өңірдің мәдени өміріне белсене қатысып, жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қомақты үлес қосып келе жатқаны ерекше айтылды. «Вайнах» ансамблінің мүшелері Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметуллинұлының алғыс хаттарымен марапатталды.