HomeBlogЖаңалықтар«Өнеріміз саған – Қазақстан!» аттыоблыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Өнеріміз саған – Қазақстан!» аттыоблыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

1.      Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже Қазақтың ұлттық өнерін (ән, ұлттық аспап, би) жетік меңгерген этникалық топтар өкілдері  арасында «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Конкурсты ұйымдастырушылар: Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Мақсаты: мемлекеттік тілді және Қазақстан этнотарының тілдерін оқыту арқылы қазақ халқының және еліміздегі этностардың дәстүрлі мәдениетін білу.

2.2. Конкурстың міндеттері:

— халық өнерін насихаттау;

— Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық бірегейлікті сақтау және мәдени мұраны дәріптеу;

-көркемөнерпаздардың халық шығармашылығының барлық түрлері мен жанрларын дамыту;

— жаңа талантты шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды анықтау және қолдау.

3. Конкурсқа қатысу шарттары

3.1. Байқауға Қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

3.2.  Конкурсқа қатысу осы Ережемен толық келісуді білдіреді.

3.3. Конкурсқа 14-35 жас аралығында барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

3.4. Байқауға қатысушылардың киім үлгісі ұлттық сахналық стильде болуы тиіс.

3.5. Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

— «Вокалды орындау»  (қазақ тіліндегі әнді жанды дауыста орындау. Орындау барысында фонограмманы (минусовка) пайдалануға рұқсат етіледі;

— «Би» (қазақтың ұлттық билерін орындау);

— «Аспапта орындау» (қазақтың ұлттық аспабында бір туындыны орындау).

3.6. Фестиваль-конкурсқа қатысушыларды бағалау критерийлері:

— орындау сапасы;

— орындау шеберлігі;

— сахна шеберлігі және сахналық бейнесі.

3.7. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес конкурсқа қатысушыларды марапаттау әрбір номинация бойынша жүргізіледі:

1 орын – 100 000 теңге

2 орын – 80 000 теңге

3 орын – 60 000 теңге

3.8. Жүлделі орындарға ие болмаған барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар беріледі.

4. Конкурсқа қатысу шарттары.

4.1. Байқауға қатысу үшін 1-қосымшаға сәйкес толтырылған өтінімді, сондай-ақ қойылымның бейнежазбасын жіберу қажет. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылдың 15 қазанына дейін otdelrazvitiyadd001@mail.ru  электрондық поштаға қабылданады.

4.2.. Өтетін күні: 20 қазан сағат 11:00.

4.3.Өтетін орны — Қарағанды қаласының Достық үйі, Кеншілер даңғылы, 64

4.4. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу сағ. 10.00-ге дейін.

     1 қосымша.

«Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты

облыстық байқауына қатысуға

СҰРАНЫС

Аты-жөні  (толық)       
Қала, аудан 
Оқу/жұмыс орны, сынып / курс 
Туған күні 
Жанр 
Орындалатын шығарманың атауы 
Электрондық пошта 
Ұялы телефон 
Жетекшінің аты-жөні (егер болса), ұялы телефоны   

8/7212/ 21-53-35,  +7 747 813 28 91, +7 700 670 90 07, +7 705 231 37 47 байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады.