Этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, ЭМБ жастар қанатының өкілдері және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері мен Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов, Қазақстан Халық Кеңесі жанындағы «Бірлік» қоғамдық тобының ұйымдастыруымен бастаған жыл сайынғы«Бірлік – таза Қазақстан үшін» Қарағанды облысы Осакаров ауданының Молодёжный кентінде экологиялық акциясына қатысты.
Акция аясында Қ. Сәтбаев атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) аумағына ірі көлемді 100 қылқан жапырақты көшет отырғызылды. Экологиялық бастамаға жалпы саны 70-ке жуық адам атсалысты.
Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау және туған өлкені көркейту.
«Бірлік – таза Қазақстан үшін» – бұл жай ғана экологиялық бастама емес, бірліктің, қоғамдық жауапкершіліктің және қоршаған ортаны қорғау жолындағы ортақ үлестің жарқын көрінісі. Табиғатты аялау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндетіміз!






