
Салтанатты рәсім барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге орындады. Мерекелік концерттік бағдарлама аясында Абай ауданының «Русалица» славян этномәдени орталығының халықтық вокалдық ансамблі «Русалица», Қарағанды облысының «Ахыска» түрік этномәдени орталығының мүшесі Вероника Уз және облыстық «Казачья вольница» этномәдени бірлестігінің халықтық ән-би ансамблі «Казачья вольница» өнер көрсетті. Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – қазақстандық эстрада жұлдызы Ибрагим Ескендірдің өнер көрсетуі болды. Әншінің орындауы мерекелік көңіл күй сыйлап, қатысушылар үшін жағымды тосынсыйға айналды.
Іс-шара мемлекеттік рәміздерге деген құрметті нығайтып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің маңызын айқындады. Мемлекеттік Ту мен Әнұран астында бас қосқан қатысушылар ел тәуелсіздігі мен ортақ құндылықтарға деген құрметтерін білдірді.



