Қарағанды облысынан шыққан көрнекті өнер қайраткерлерінің
шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған
этнос өкілдері арасындағы
«Сарыарқа – ән мен жырдың мекені»
облыстық байқауы туралы

- Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Қарағанды облысынан шыққан көрнекті өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған этнос өкілдері арасындағы «Сарыарқа – ән мен жырдың мекені» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін әзірлейді.
1.2. Осы Ереже конкурсты өткізу тәртібін және жеңімпаздарды таңдау критерийлерін айқындайды.
1.3. Байқауды ұйымдастырушы – Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы)
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау және дәріптеу;
2.2. Этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеру және үйрену белсенділігін арттыру;
2.3. Ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау;
2.4. Талантты орындаушыларды анықтау және қолдау;
2.5. Қазақ өнерін кеңінен таныту;
2.6. Этностар арасындағы мәдени байланыстарды нығайту;
2.7. Мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде насихаттау.
- Байқауға қатысушылар
3.1. Байқауға мемлекеттік тілді еркін меңгерген, 18 жасқа толған этнос өкілдері қатыса алады. Қатысушылар қатарында жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және басқа да азаматтар болуы мүмкін.
- Байқау басшылығы
4.1. Ұйымдастырушы байқауға жалпы басшылықты жүзеге асырады.
4.2. Ұйымдастырушы:
- осы Ережені бекітеді;
- қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;
- байқаудың барлық рәсімдерін өткізу және байқау жеңімпаздарын марапаттау тәртібін айқындайды және қамтамасыз етеді;
- байқау туралы ақпаратты www.kelisim.kz порталында орналастырады, сондай-ақ оның қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарлайды.
4.3. Байқау жеңімпаздарын анықтау мақсатында ұйымдастырушы қатысушылардан қосымша ақпарат пен құжаттарды сұратуға құқылы.
4.4. Байқау жеңімпазын қазылар алқасы анықтайды.
- Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімі
5.1. Байқау 2026 жылдың қыркүйегінде өткізіледі;
5.2. Байқауға қатысу үшін материалдар мемлекеттік және орыс тілінде қабылданады.
5.3. Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:
I. «Өлеңмен өрілген өлке рухы» номинациясы – Қарағанды облысынан шыққан қазақтың көрнекті ақындары мен жырауларының шығармаларын мәнерлеп оқу. Өнер көрсету ұзақтығы – 1,5 минуттан аспауы тиіс.
II. «Арқа әні – ұлттың үні» номинациясы – Қарағанды облысынан шыққан қазақтың көрнекті композиторларының әндерін орындау (жеке орындау, ансамбль құрамында, акапелла немесе минусовкамен жанды дауыста орындау). Әнді орындау ұзақтығы – 3,0 минуттан аспауы тиіс.
III. «Күйге толы кең дала» номинациясы – Қарағанды облысынан шыққан қазақтың көрнекті күйші-композиторларының музыкалық шығармаларын қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында орындау.
- Байқауға қатысу үшін: 6.1. Қатысушылар белгіленген үлгі бойынша өтінімді ұйымдастырушыға – Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-не 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 64 мекенжайы бойынша немесе orddkaraganda@gmail.com электрондық поштасы арқылы жолдайды.
6.2. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған немесе Байқау талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қаралмайды.
6.3. Байқауға қатысушылардың сахналық костюмдері қазақтың ұлттық стиліне сәйкес болуы тиіс.
6.4. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2026 жылғы қыркүйек айында өткізіледі. - Бағалау өлшемдері: 7.1. «Өлеңмен өрілген өлке рухы» номинациясы:
мәтінді жатқа білуі;
сөйлеу мәнерінің көркемдігі және дикциясы;
сахна мәдениеті;
шығарманың мазмұны мен идеясын аша білуі;
орындаушылық шеберлігі.
7.2. «Арқа әні – ұлттың үні» номинациясы:
орындаушылық шеберлігі;
вокалдық мүмкіндігі және орындау мәдениеті;
сахналық бейнесі және сахна мәдениеті;
шығарманың көркемдік мазмұнын аша білуі;
көрерменге әсер ету деңгейі.
7.3. «Күйге толы кең дала» номинациясы:
шығарманы дұрыс таңдауы және оның мазмұнын аша білуі;
орындаушылық шеберлігі (техникалық сауаттылығы, дыбыстың тазалығы, ырғақты сақтауы, орындау ерекшеліктері);
орындаудың көркемдік-эмоционалдық мәнері (күйдің сипаты мен мазмұнын аша білуі);
сахна мәдениеті.
- Қазылар алқасы Қазылар алқасының құрамына әдебиеттанушылар, мәдениет және өнер саласының мамандары, тіл жанашырлары енгізіледі.
Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
9.Марапаттау
9.1. Байқау қорытындысы бойынша әр номинацияда І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом иегерлері анықталады. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
9.2. Байқаудың өткізілу мерзімі – 2026 жылғы қыркүйек.
9.3. Байқаудың өткізілу орны – Қарағанды облысының Достық үйі (Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 64).
Қарағанды облысынан шыққан қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған этнос өкілдері арасындағы «Сарыарқа – ән мен жырдың мекені» облыстық байқауына қатысу үшін
Өтінім
Аты-жөні (толық)
Қала, аудан
Оқу/жұмыс орны / курс / сынып
Туған күні
Номинация атауы
Орындалатын шығарманың атауы
Электрондық пошта
Байланыс телефоны
Жетекшінің толық аты-жөні, ұялы телефоны
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 8 747 813 2891.