Астана қаласында өткен ҚХА XXXIV – сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жұмысшы мамандықтар жылына орай,жұмысшылардың рөлі мен құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен қарастырылды. Президент еңбек адамының қоғамдағы маңызын ерекше атап өтіп, олардың әл-ауқатын арттыру, өмір сапасын жақсарту бағытында нақты әрі жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін баса айтты. Президент Қ.К.Тоқаев « этномәдени бірлестіктерде, Ассамблеяның түрлі құрылымдарында өте білікті мамандар жұмыс істейді.Мен жалпыұлттық пен татулықты нығайту жолында адал қызмет етіп жүрген Ассамблеяның барлық белсенді азаматтарына шынайы алғысымды білдіремін» деп атап өтті. Қатысушылар атынан Мемлекет басшысының еңбек адамына деген құрметі мен қамқорлығына алғыс білдіре отырып, еліміздегі жұмысшылардың құқықтары мен жағдайын жақсартуға бағытталған барлық бастамаларға жан-жақты қолдау білдіреміз. Гюлага Векил-оглы Рзаев – Қарағанды облысының ҚХА «НАМУСКZ» әзірбайжан ұлттық мәдени орталығының басшысы
