Жаңалықтар



Мэрцишор – мерейлі мереке 06 Наурыз 2016

Наурыз айы түрлі мерекелерге толы. Қазақстандықтар ұлыстың ұлы мерекесі – Наурызға қызу дайындықты бастап кетсе, аймағымыздағы румын қоғамы ерекше маңызды әрі ауқымды көктем мейрамы -  Мэрцишорды атап өтті.

«Алғысым саған, Қазақстан!» 05 Наурыз 2016

Қарағанды қаласында Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар жалғасын табуда. Достық үйінде Қазақстан жеріне жер аударылып келген халықтардың, жеке отбасылардың тарихнамасын жазуда үлкен еңбек еткен мектеп оқушылары марапатталды.

Бейбітшілік балалар көзімен 04 Наурыз 2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қарағанды қаласы «Видергебурт» Неміс орталығы» облыстық қоғамы ғимаратында «Бейбітшілік түсі» атты ІV балалар шығармашылығының көрмесі өтті.

Қарағандыда Алғыс айту күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Жылы салтанатты түрде бастау алды. 01 Наурыз 2016

Қарағанды қаласы Достық үйінде облыс әкмі Нұрмұхамбет Әбдібековтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының бастау алуына арналған «Біз мәңгілік жасаймыз!» форумы болып өтті.

Алғыс айту күні – мейірімділік мерекесі 01 Наурыз 2016

Алғыс айту күні Қарағанды экономикалық университетінде айрықша аталып өтті. Жоғарғы оқу орнының концерт залында өткен іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, аймақтағы мәдениет және спорт қайраткерлері, шығармашылық ұжымдар қатысты.

Қарағанды Ішкі істер департаменті Алғыс айту күнін атап өтті. 29 Ақпан 2016

Қарағанды облысында Ішкі істер департаментінде биыл алғаш аталып өтетін «Алғыс күні» мерекесі аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Бір ел – бір жетістік 23 Ақпан 2016

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Қарағанды облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының Алғыс айту мерекесіне арналған «Бір ел – бір мемлекет – бір тағдыр» атты дөңгелек үстел өтті.

Шешен және игнуш халықтарының жер аударлағанына биыл 72 жыл 23 Ақпан 2016

Қарағанды қ. Достық үйінде 23 ақпан күні Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында, шешен-ингуш халықтарының Қазақстан және Орта Азия жеріне күштеп көшірілген қарапайым халық құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті.

«Мәңгілік ел» пойызы Балқаш жағалауында 17 Ақпан 2016

Ауа-райының аязына қарамастан балқаштықтар «Мәңгілік Ел» пойызының қатысушыларын ерекше қошаметпен күтіп алды.

«Мәңгілік Ел» пойызы Қарағанды облысындағы Ақадыр кентіне жетті. 16 Ақпан 2016

Облыс орталығынан аттанған Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Мәңгілік Ел» пойызын Ақадыр тұрғындары салтанатпен қарсы алды.

Страницы: 858687888990919293

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru