Жаңалықтар
22 желтоқсанда Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, ғылыми кеңес залында Құдайберген Темірғалиевтің «Проблема культурной идентичности в процессе общественно-исторических трансформаций» атты монографиясының тұсаукесері болып өтті.
21 желтоқсан күні Қарағанды қ. Достық үйінің жаңа ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің Елім – Мәңгілік Ел» атты ХVIII сессиясы болып өтті.
Бүгін Қарағанды облысында тұңғыш Достық үйі салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары, облыстағы этномәдени бірлестіктер өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, мемлекеттік мекемелер басшылары, мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер мен меценаттар, жастар ұйымдары, жоғары оқу орындары ректорлары мен студенттері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
21 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясының Қарағанды филиалының ғимаратында «Бес институционалды реформа» - мемлекет дамуының жаңа кезеңі» атты халықаралық форумы өткізілді. Форум қазақстандық қоғамды жетілдіруге бағытталып, бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын талқылауға арналды.
11 желтоқсан Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Біз – басқамыз, біз – теңбіз, біз – біргеміз!» студенттік фестивалі болып өтті.
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан – менің отаным» атты ІІ аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
6 желтоқсан Теміртау қ. Мәдениет үйінде «Берегиня» орыс әндерінің халық ансамблінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық концерті болып өтті.
1 желтоқсан Қарағанды қ. К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрында «Замандас – 2015» қаланың дамуына үлес қосқандары үшін» қалалық байқауының нәтижесі жарияланды. Үміткерлер арасында Қарағанды облыстық этномәдени бірлестіктер бар.
30 қараша Қарағанды қаласы Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы – біреу, ел-жұрты - тіреу» атты мерекелік іс-шарасы өтті.