Жаңалықтар



Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты концерт өтті 01 Мамыр 2023

Мерекелік шараны  Қарағанды облысы ҚХА құрылымдары  мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері және  қала тұрғындары тамашалады. 

2023 жылдың 28 сәуір күні Қарағанды медициналық университетінде ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты кезекті XXХІI сессиясында қойылған тапсырмаларды тұрғындар арасында кеңінен насихаттауға арналған отырысы өтті 28 Сәуір 2023

Отырыс модераторы Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қарағанды медициналық университетінің профессоры Молотов-Лучанский Вилен Борисович ҚХА кезекті XXХІI сессиясында қарастырылған мәселелерге қысқаша шолу жасап, алдағы келе жатқан Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады.

2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында Қарағанды облысының Азаматтық альянсы базасында «Қазіргі қоғамның этносаралық қатынастарындағы жанжалдардың алдын алу» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды 28 Сәуір 2023
Қазақстандағы Медиация бүгінде дауларды шешудің қолжетімді тәсілі болып табылады және дауды сотта емес, медиация рәсімінің көмегімен шешкісі келетін кез келген адам медиатордың қызметтерін пайдалана алады.
Медиация-бұл, ең алдымен, қолданыстағы дауды өзара тиімді шешуге бағытталған дауласушы тараптар арасындағы келісім бойынша бейбіт диалог.
Мемлекет басшысының медиация саласындағы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдары алдында этномедиация институтын дамыту сияқты қызметтің басым бағыты тұр.
Достық үйінде Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай "Татулық пен келісім - әділетті Қазақстан дамуының негізі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті 28 Сәуір 2023

Салтанатты шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, ҚХА құрылымдарының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар қауымы және қоғам белсенділері этносаралық келісімді нығайту және толерантты қоғам құрудың жаңаша жолдарын талқылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясы өтті 27 Сәуір 2023
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен   Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясы өтті.
 
2023 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары Қарағанды қаласының 14 шағын ауданындағы аллеяны санитарлық тазарту бойынша акция өткізді 22 Сәуір 2023

Акцияға облыстың этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері, жастар қанаттары, жоғары оқу орындары жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының өкілдері, Қарағанды облысындағы "Ассамблея жастары" өкілдігінің мүшелері, жастар белсенділері, еріктілер, қала тұрғындары қатысты.

 

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан ақсақалдар кеңесі құрылды. 05 Сәуір 2023

2023 жылдың 5 сәуірінде Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің бірінші отырысы өтті.

 

«МУГУНГХВА» КОРЕЙ ХАЛЫҚТЫҚ АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТІ 02 Сәуір 2023

2 сәуір күні Достық үйінде Қарағанды облысы кәрістер этномәдени бірлестігінің «Мугунхва» халық ансамблінің есеп беру  концерті өтті.

Ансамбльдің даму тарихы 1990 жылдан басталады. 2003 жылы ансамбльге «Халықтық» атағы беріліп, оны 5 жыл сайын растайды. Қазіргі уақытта «Мугунхва» халықтық ансамблінің құрамында   «Киппым» би тобы , самульнори топтары (дәстүрлі соқпалы аспаптарда ойнау), К-РОР тобы мен солистері бар. «Мугунхва» халық ансамблі әр түрлі жанрдағы репертуарына ие.  

Страницы: 123456789

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru