Жаңалықтар
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Қарағанды қаласының Ту тұғыры жанында «Туған жерім менің - Қазақстаным!» атты патриоттық форум өтті. Патриоттық форумда 3000 мыңға жуық қала тұрғындары бір мезетте ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындады.
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» - қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматтарды үлгі ететін жобалардың бірі.
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен Спасск мемориалдық кешенінде гүл шоқтарын қою және жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету рәсімі өтті.
Аталған қорым көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, ғұлама ғалым, белгілі ағартушы Ермеков Әлімхан Әбеуұлы және тағы да басқа белгілі тұлғалар жай тапқан жер.
Қоғам белсенділері Жексен Әбдірахманов, Айсұлтан Жақыпов және қазақ тілін меңгерген өзге ұлт азаматтарының қатысуымен өңірлерде мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мәселелер талқыланды.
Достық үйінде Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты өзге ұлт өкілдері арасында байқау өтті. Байқауға жеті ұлт өкілдері, барлығы 12 адам қатысты.
Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұловтың қатысуымен Халықаралық отбасы күні мерекесіне арналған «Мерейлі отбасы» атты іс-шара өтті.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға тағзым ету үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, әскери қызметшілер, билік өкілдері, қоғам қайраткерлері мен тұрғындар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.