Жаңалықтар



Қарағанды облысының «Әнет баба» мешітінің қызметкерлері «Қоғамдық келісім» КММ экскурсия жасады 16 Қаңтар 2024

Бүгін Қарағанды облысының «Әнет баба» мешітінің қызметкерлері «Қоғамдық келісім» КММ экскурсия жасады. Экскурсия барысында достық үйі дамыту бөлім маманы Шибаева Сәуле Ғубайдуллақызы  этномәдени бірлестіктер үшін ресурстық, мәдени және әдістемелік орталық бола отырып, этностардың бірлігі, этносаралық келісім, жалпыазаматтық бірегейлік идеяларын қалыптастыру және ілгерілетумен, қазақстандық патриотизмді насихаттаумен, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізумен айналысатын облыстық Достық үйінің бүгінгі қызметі және  әр елдің ұлттық құндылықтары туралы айтып берді.

“ Төрлет, құтты жаңа жыл ! ”атты достық қайырымдылық шарасы өтті 28 Желтоқсан 2023

Қарағанды қаласы, достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа жылдық “ Төрлет, құтты жаңа жыл ! ” атты достық қайырымдылық шарасы Қарағанды облысы ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Нұрлан Әубәкіровтың ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Е.А. Болгерт, Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Н.С. Қобжановтың қатысуымен өтті.

ҚХА Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы 25 Желтоқсан 2023

25 желтоқсан күні Достық үйінде Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

"Үздік пост" байқауының жүлдегерлері анықталды 21 Желтоқсан 2023

21-желтоқсан күні Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер мен сарапшылар клубының отырысы болып өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы 16 Желтоқсан 2023

Құрметті отандастар!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын ұлық мейрам. Тәуелсіздік күні еліміздің азаттығын және жаңа тарихи кезеңде дербес даму жолына түскенін әйгілейді.

«Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясының қатысушыларымен брифинг өтті 22 Қараша 2023

Қараша айының 22 күні Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» жобасы аясында «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясының қатысушыларымен Қазақ халқының тарихи-мәдени және рухани мұрасын кеңінен насихаттау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін нығайту мақсатында кездесу брифингі өтті.

«ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР» 16 Қараша 2023

16 қарашада елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының соңғы кезеңі өз мәресіне жетіп, қорытындысы шығарылды.

«Ел қуаты-бірлікте» атты кеңейтілген отырысы өтті 16 Қараша 2023

2023 жылдың 16 қараша күні Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Жайықбайұлы Махан, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исмаилов Ақбаржон Яхияхожаұлының қатысуымен Қарағанды облысының Қазақстан халқы ассамблеясының «Ел қуаты-бірлікте»  атты кеңейтілген отырысы өтті.

Тарихи-танымдық экспедиция 14 Қараша 2023

14-18 қараша күндері Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Шымкент қаласы мен Түркістан облыстарында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Елтану" жобасы аясында «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық  экспедициясы Қазақ тілін жақсы меңгерген, ұлттық аспаптарында ойнайтын әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өткен өңірлік байқауларының жеңімпаздары, көп балалы отбасылардың балалары, сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, блогерлер, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қарағандыда «Мың бала» байқауының жеңімпаздары марапатталды 01 Қараша 2023

1-қараша күні Достық үйінде «Мың бала»жобасының облыстық кезеңнен өткен жеңімпаздарын марапаттау  рәсімі болып өтті.

 

Страницы: 123456

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru