Жаңалықтар
«МӘМІЛЕ» ҚАЗАҚ ТІЛІ ТІЛДЕСУ КЛУБЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

28 тамызда Достық үйінің базасында «Мәміле» тілдесу клубының мүшелерін марапаттау сәті өтті. Клуб отырыстары ү.ж. 13 наурызда жандандырылды.
Мақсаты – қазақ тілін үйренгісі келетіндер үшін де, оларға көмектескісі келетін, тілді меңгерген еріктілер үшін де диалогтық алаң болып табылатын сөйлесу клубы форматында мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру.
Клуб мүшелерінің кездесулері еркін форматта өткізілді, клубқа келушілер мектепте, университетте алған білімдерін жетілдірді, жаңа достар тапты, ауызекі тілді меңгерді.
Достық үйінің базасындағы «Мәміле» қазақ тілі тілдесу клубы қатысушылар ұсынылған тақырыптарды қазақ тілінде талқылау үшін аптасына бір рет офлайн және аптасына 1 рет онлайн (ZOOM) форматта жиналып талқылайтын диалог алаңына айналды. Тіл үйренушілер қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, менталитеті мен дүниетанымы туралы біліп, ауызекі тілін жетілдіре алды. Офлайн кездесулерге қазақ тілін үйренушілерге көмектесуге ниет білдірген қазақтілді еріктілер шақырылады. Клуб кездесулеріне спикер-оқытушылар ретінде филолог мамандар тартылды. Барлығы онлайн және офлайн форматта 42 кездесу өтті.