Жаңалықтар
Достық үйінде медиация күні қарсаңында «Қазақстанда медиацияны дамытудың өзекті мәселелері. Этномедиация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел жұмысын модератор ретінде қоғамдық медиатор, Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Молотов-Лучанский Вилен Борисович ашты. Іс-шара медиация және татуластыру рәсімдерін кеңінен насихаттау, сондай-ақ қоғамның әртүрлі салаларындағы жанжалдардың алдын алу және шешудің тиімді әдісі - медиация институты туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілді.
Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметтолаұлы, Қарағанды облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Алтынбеков Бекзат Қомарұлы алғы сөз сөйледі. Шараға облыстың кәсіби және қоғамдық медиаторлары қатысты. Сонымен бірге сот, прокуратура, Әділет департаментінің өкілдері, қоғамдық келісім кеңестерінің, ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері, «Жастар ассамблеясы» ҚБ жастар қозғалысы, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қарағанды облысының ҚХА құрылымдық бөлімшелері шақырылды. Кездесу барысында дөңгелек үстел спикерлері этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды және даулы мәселелерді реттеудегі медиация технологияларының артықшылықтары жайында талқылады. Өңірдегі медиацияны дамыту бойынша бірлескен жұмыстарды қорытындылап, алдағы кезеңге қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді белгіледі.