Жаңалықтар
Осакаровка ауданында қыз-келіншектерге арналған жиын өтті

Осакаровка ауданындағы әйелдер қауымына көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы туралыөз кәсіпкерлігін ашуы жайында Аналар кеңесінің төрайымы Қожахметова Ләззат Таймырқызы және “Қарағанды облысы іскер әйелдері қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Әбілдина Шолпан Шамшіқызы жиын өткізді
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Қожахметова Ләззат Таймырқызы және “Қарағанды облысы іскер әйелдері қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Әбілдина Шолпан Шамшіқызы Осакаровка ауданында аналардың және қыз-келіншектердің басын қосып, алқалы жиын өткізді. Жиынға аудан әкімнің орынбасары Шалабаева Алма Қабыкеновна қатысты. Ләззат Таймырқызы аудандағы әйелдер қауымына көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы туралы, олардың жұмыспен қамтылуы, өз кәсіпкерлігін ашуы, берілетін жеңілдіктер жөнінде кеңінен айтып түсіндіріп, көптеген сұрақтарға жауап берді.