Жаңалықтар



Достық үйінде Аналар күні қарсаңында "Ана жүрегі" атты шара өтті


фото к новости

2024 жылдың 10 мамырында Аналар күні қарсаңында Қарағанды ​​облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Ана жүрегі» атты мерекелік іс-шарасын ұйымдастырып өткізді.

Бүкіл іс-шара барысында «Ханталапай» ұлттық ойындар және құндылықтар орталығының ұйымдастыруымен сахналық өнер : әңгіме, жырлар, күй, ән арқылы сәбидің өсіп, оның есеюі және оны өз Отанының нағыз азаматы, патриоты етіп тәрбиелеудегі ананың рөлі туралы бейнеленді.

Көрмеде Аналар кеңесінің «Ісмер» клубының шебер қолөнершілері өз өнерлерін ортаға салды.

Кішкентай қонақтарға арнап шаш өру, ұлттық әшекей бұйымдарын кигізу бойынша шеберлік сабағы өткізілді.

Бүкіл қатысушылар бірігіп қазақтын киіз үйін орнатқаны ерекше әсер берді.

Көрермендерді биімен баурап алған белсенді өмір сүру орталығының «Грация» би тобының солистері - біздің бағдарламаның сәні болды.

Бұл мерекені аналар басқа аналар үшін ұйымдастырғандықтан мереке құрмет пен сүйіспеншілікке толы, шынайы болды.

Әрі қарай сағат 15:00 ден 18:00- ге дейін Қарағанды ​​облысы халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі Қарағанды ​​облысының іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған «Әйел әйел үшін» атты арнайы шеберлік сабағын өткізді. Ақпараттық сессияны спикерлер, тренерлер және кәсіби мамандар яғни, әйел денсаулығы, балаға алимент қалай өндіру керек, жеке тұлғалық даму, мақсатқа жету жолдары, бюджетті жоспарлау және қаржылық басқару өнерін меңгеру қазіргі әлемдегі өте өзекті тақырыптар бойынша жүргізді. Аудитория құнды ақпараттар алып, тренинг соңында естелік суреттерге түсті.


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru