Жаңалықтар



Ардагерлердің ерен ерлігі мәңгі жадымызда


фото к новости

Жеңіс таңы атқаннан бері 79 жыл өтті. Бірақ, сол отты жылдардың әрбір отбасыға қалдырған жарасы әлі жазылған жоқ. Қан майданды өз көзімен көріп, қолына қару алып, фашистермен соғысқандардың саны да жыл санап азайып барады.

Бүгін Ұлы Жеңіс  мерекесіне орай Қарағанды облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, Аналар кеңесінің төрағасы, этно-мәдени бірлестіктері, жастар Ассамблеясы ардагер Скрипников И.К., Степенко Г.П., Шинкевич М.Е. арнайы құттықтап, гүл шоқтарымен сый-сыяпат тарту етіп сыйлық себетін табыстады.
 
Ардагерлердің  1941-1945 жыл­дардағы соғыстағы ерен ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысы», «Қы­зыл Жұлдыз», «Ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», «Құр­мет төсбелгісі» сияқты орден, медальдары кеудесінде жарқырайды. 
 
 Барша ардагерлерге ерен еңбекшілдігі, жігерлілігі, өміршеңдік өсиеттері үшін алғыс айтамыз, мықты денсаулық, рух сергектігін, әрқашан амандықта болулары мен ашық аспан тілейміз. Біздің қымбатты ардагерлерімізге табандылықтары  үшін бас иеміз!


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru