Жаңалықтар



"Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі" КМК 2024 жылғы 08 ақпанында 2-Ф-2 және 2-2-ПД топтарының II курс студенттерімен "Қазақстан Республикасындағы билік тұжырымдамасындағы Қоғамдық келісім мен бірлік идеясы" тақырыбы талқыланды.


фото к новости

Қазақстандағы қоғамдық келісім мен бірлік елдің тұрақтылығы мен нық дамуының негізгі элементтері болып саналады.

Заңнамалық актілерде:
- ҚР Конституциясының 1-бабының 1-тармағы "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады". Конституцияда нәсілдік, этникалық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарының теңдігін қамтамасыз ететін 11-ден астам норма бар;
- 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның 2-бабында қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту және ұлттық қадір-қасиетін нығайту мемлекеттіліктің маңызды міндеттерінің бірі болып табылатыны жарияланды;
- "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заңда Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның бiртұтас халқын құрайтыны, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендiктiң бiрден бiр иесi және мемлекеттік биліктің қайнар көзi болып табылатындығы анық айқындалған.

 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru