Жаңалықтар
Ана-өмірдің бастауы
АНА... «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару - көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Содан болар, дана халқымыз қара жерді - Жер-Ана деп құрметтеп, туған тілін - Ана тілі деп әспеттей білген.
Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында, бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай да болмасын құрметке лайық.
Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі болған арулар қауымы! Сіздерді келіп жеткен Халықаралық 8-наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.