Аналар кеңесі
Төрағасы: Жанар Бейсенбекқызы Кенжегалиева
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері - Қазақстан халқы Ассамблеясының отбасылық және аналық мекемелерді нығайту арқылы қоғамдық үйлесімділік пен ұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі мақсатын жүзеге асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ отбасын дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Қазақстан бойынша бүгінде 210 аналар кеңесі жұмыс істейді.Құрылым облыстық,қалалық және аудандық деңгейлерде қызмет көрсетеді. Аймағымыздағы кеңестің құрамына: белсенділердің арасында мұғалімдер мен білікті дәрігерлер , этно-мәдени бірлестік өкілдері бар.
Кеңестің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.