
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздердің маңызын насихаттау, оларға деген құрмет сезімін арттыру және қазақстандық патриотизм құндылықтарын дәріптеу. Форум барысында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын, мәдени әралуандығы мен рухани тұтастығын айшықтайтын концерттік бағдарламаларын ұсынды. Патриоттық форум ел азаматтарының мемлекеттік рәміздерге деген құрметін нығайтып, түрлі этнос өкілдерінің ортақ Отанға деген сүйіспеншілігі мен берік бірлігін тағы бір мәрте айқын көрсетті.








