HomeBlogЖаңалықтарҚарағанды облысы Аналар кеңесі «ІСМЕР» қолөнершілер клубы және «JADIGER» қауымдастығымен бірлесіп, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында Аналар үйінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Тұсау кесер» рәсімін өткізді.

Қарағанды облысы Аналар кеңесі «ІСМЕР» қолөнершілер клубы және «JADIGER» қауымдастығымен бірлесіп, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында Аналар үйінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Тұсау кесер» рәсімін өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен мәдени мұрасының тәрбиелік әрі рухани маңызы кеңінен түсіндіріліп, сондай-ақ отбасындағы тәрбие мен ананың бала тұлғасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды. «Тұсау кесер» рәсімі екі ұл балаға әдет-ғұрыптарға сай өткізіліп, сәбилерге ақ тілектер мен баталар берілді. Кездесу жылы әрі шынайы атмосферада өтіп, ұлттық мұраға деген құрметті арттыруға және жас аналарды қолдауға ықпал етті.