HomeBlogБез рубрики2025 жылғы 17 қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына, мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 130 жылдығына арналған «Елтану» тарихи-танымдық экспедициясы жолға шықты.

2025 жылғы 17 қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына, мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 130 жылдығына арналған «Елтану» тарихи-танымдық экспедициясы жолға шықты.

Экспедиция құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, тарихшылар, қоғам қайраткерлері мен журналистер бар. Олар Қарағанды және Абай облыстарындағы киелі жерлер мен тарихи-мәдени нысандарды аралайтын болады. Экспедицияның басты мақсаты — болашақ ұрпаққа рухани әрі тарихи бағдар болып саналатын ұлы тұлғалардың есімін сақтау. Абай Құнанбаев — қазақ мәдениетінің, гуманизм мен даналықтың символы. Оның еңбектері ізгілікке, бірлікке және білімге ұмтылуға тәрбиелейді. Нығмет Нұрмақов — бүкіл өмірін халқы мен елінің дамуына арнаған көрнекті мемлекет қайраткері. «Елтану» экспедициясы — Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың рухына тағзым етіп, қоғамды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін тарих пен рухани тәрбиенің тағылымды сабағы болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *