
Іс-шара барысында Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды. Экспозицияда түрлі этностардың өңірдің дамуына қосқан үлесі көрсетіліп, елдегі татулық пен бірліктің айқын көрінісі паш етілді. Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты. Қатысушылар этносаралық келісімнің маңыздылығын атап өтіп, аталмыш көрменің Қазақстандағы рухани бірлікті нығайтуға қосар үлесін жоғары бағалады. Іс-шараға Қарағанды облысы еврей мәдени орталығының басшысы, ҚХА мүшесі В.Б.Молотов-Лучанский, «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.В.Раков, «LITUANICA» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.И.Тварионас, Қарағанды облысының ҚХА
«Polonia»поляк қоғамдық бірлестігінің басшысы В.А.Хмелевский , ҚХА «Дружба» қытай ұлттық мәдени орталығының төрағасы Ян Дэ Си, сондай-ақ Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Г.Қ.Касембаева қатысты. Мәдени бағдарламаны этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары жалғастырып, көрермендерге достық пен татулықтың өнердегі өрнегін ұсынды.
«Бірлікпен гүлденген Сарыарқа» көрмесі – Сарыарқа жерінде бейбіт өмір сүріп жатқан халықтардың мәдени әралуандығы мен бірлігінің жарқын символы болып отыр.

