HomeBlogБез рубрики2025 жылдың 5 қыркүйегінде Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Әр ұлттың бір үні – Қазақстан» атты іс-шара өтті.

2025 жылдың 5 қыркүйегінде Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Әр ұлттың бір үні – Қазақстан» атты іс-шара өтті.

2025 жылдың 5 қыркүйегінде Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Әр ұлттың бір үні – Қазақстан» атты іс-шара өтті. Іс-шараны Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі ұйымдастырды.

Мерекелік концерт Қазақстан халқының бірлігінің және мәдени көптүрлілікті сақтау ісінің жарқын үлгісіне айналды. Бағдарламада өңірдің түрлі этностарының өкілдері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін, күй орындаудың, қазақ ақындарының өлеңдерін оқудың және халық әндерін орындаудың шеберлігін көрсетті.

Көрермендер сондай-ақ өңір этностары шеберлерінің бейнелеу өнері туындылары қойылған «Бейбітшілік бейнесі» атты көрмеге де қатысуға мүмкіндік алды. Әрбір шығарма бейбітшілікті, келісім мен достықты бейнелеп, жалпыұлттық бірліктің құндылықтарын айқындады.

Іс-шара Қазақстанның іргелі байлықтарының бірі болып саналатын бірлік, достық және мәдени әралуандық құндылықтарын айшықтап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *