Отырыс барысында өткен жылғы негізгі жұмыс нәтижелері, жүзеге асырылған жобалар мен қоғамдық бастамалар жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ Кеңестің 2026 жылға арналған мақсаттары мен жұмыс жоспары таныстырылды. Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Айжан Казимирқызы Қиясова өз сөзінде Қарағанды облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі құрылған уақыттан бері отбасы құндылықтарын нығайту, ұлттық тәрбиені дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.

Жиында Бұқар жырау аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Сәуле Жақсылыққызы және Балқаш қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Альмира Қалқаманқызы өз өңірлерінде атқарылған жұмыстары мен 2026 жылға арналған жоспарларын ұсынды. Отырыстың ресми бөлімінде облыстық Аналар кеңесінің белсенді мүшелері Алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында қатысушылар «Ақниет» ардагерлер ансамблінің 5 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық бағдарламаны тамашалады.