HomeBlogЖаңалықтар2025 жылдың 25 қараша күні Қарағанды облысының Достық үйінде Халықаралық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» кампаниясы шеңберінде әйелдер мен қыздарға қатысты барлық түрдегі зорлық-зомбылықтың, оның ішінде цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

2025 жылдың 25 қараша күні Қарағанды облысының Достық үйінде Халықаралық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» кампаниясы шеңберінде әйелдер мен қыздарға қатысты барлық түрдегі зорлық-зомбылықтың, оның ішінде цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Биылғы жылы Кампания «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» деген ұранмен өтуде. Осыған байланысты іс-шара барысында цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аударылды. Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі мүшелері, өңірлік ҚХА өкілдері, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері, құқық қорғау органдары, салалық қоғамдық ұйымдардың мүшелері, клиникалық психологтар және жастар қатысты.

Кіріспе сөзді Қарағанды облысы КХА Аналар кеңесінің төрайымы Қиясова Айжан Казимирқызы сөйледі. Баяндамалармен сөз сөйлегендер: • Тоқмұрзина Индира Жанұзақызы – «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиал жетекшісі; • Солдатова Светлана Христофоровна – Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының клиникалық психологы; • Досымағанбетова Айзада Сейсембайқызы – облыстық полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасына қарасты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімше инспекторы, полиция лейтенанты; • Кокеева Айкөркем Ерназаровна – Қарағанды облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімінің аға инспекторы; • Нестерева Валентина Анатольевна – Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс әлеуметтік қызметкері; • Отыншина Гүлмира Сайдыновна – клиникалық психолог; • Тоқмағамбетов Данияр Сапыевич – Қарағанды облысы Білім басқармасының балалардың құқықтарын қорғау, қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің бас маманы; • Зияда Дінмұхамед Ғалиұлы – Қарағанды облысы ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция капитаны. Кездесу барысында қатысушылар нақты жағдайларды қарастырып, тұрмыстық және цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін талқылады, қолданыстағы бағдарламаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен қыздарды қолдаудың тиімді механизмдерін қарастырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *