
Шара екі өңірдің мамандары мен сарапшыларын, этномәдени бірлестіктердің және ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, Ассамблеяның мерейтойлық жылындағы бірлік пен келісімді нығайтудың маңызын айқындады. Диалог алаңының жұмысына Павлодар және Қарағанды облыстарының «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты — өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, табысты тәжірибелермен алмасу және қоғамдық бастамаларды іске асырудың жаңа тәсілдерін айқындау болды. Бұл мақсаттар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тарихындағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі маңызды рөлін ерекше атап өтеді. Кездесу қорытындысында ынтымақтастықтың алдағы бағыттары, өңіраралық өзара іс-қимылдың жаңа форматтары мен тәжірибе алмасудың тиімді жолдары белгіленіп, бұл Ассамблеяның әрі қарай дамуына маңызды үлес болмақ.





