HomeBlogБез рубрикиҚарағанды қаласының Республика даңғылында жаңа арт-жоба – ерекше мурал бой көтерді. Қала тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналған бұл туынды шаһардың келбетіне тың серпін беріп, ел ішіндегі татулық пен келісімнің жарқын көрінісін паш етеді.

Қарағанды қаласының Республика даңғылында жаңа арт-жоба – ерекше мурал бой көтерді. Қала тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналған бұл туынды шаһардың келбетіне тың серпін беріп, ел ішіндегі татулық пен келісімнің жарқын көрінісін паш етеді.

Муралда Қазақстан – түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрі тоғысқан ортақ шаңырақ ретінде бейнеленген. Әрбір өрнек пен түс – сан қырлы мәдениеттің үйлесімін, бірліктің мызғымас құндылығын білдіреді. Бұл өнер туындысы – бейбіт өмір мен өзара сыйластықтың айқын символы. Ол тек қала қабырғасын көркейтумен шектелмей, болашақ ұрпақты патриоттық рухқа, достық пен бауырмалдыққа тәрбиелейді. Жаңа мурал қаланың рухын көтеріп, бірлік пен келісімнің құдіретін айшықтай түседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *