
Көрмеде Қарағанды облысындағы этномәдени бірлестіктердің тарихы мен жетістіктері, ұлттық киімдері, қолөнер бұйымдары, музыкалық аспаптары және тұрмыс-салт дәстүрлеріне қатысты жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылып, облыстық Ассамблеяның қызметі мен этномәдени бірлестіктердің бейбітшілік пен келісімді нығайту жолындағы жұмыстары таныстырылды. Аудан тұрғындарымен кездесуде ауылшаруашылық қызметкерлері,жастар,Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің мүшелері болды. Шараға К.Т. Төлеуханова – ҚР Еңбек сіңірген ұстазы, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің құрметті мүшесі, Ғ.Ш.Тұяқов – облыстық ҚХА ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қарағанды облыстық кеңесінің төрағасы, О.Г.Тим – «Мәміле» қазақ тілі тілдесу клубының жетекшісі қатысты.
Қатысушылар өз сөздерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін нығайтудағы рөліне тоқталып, халықтар арасындағы достық, өзара құрмет пен ынтымақтастықты кеңінен насихаттап, ұрпақтар сабақтастығы мен рухани құндылықтарды сақтау жайын, этносаралық қатынастар мен азаматтық белсенділік туралы ой бөлісті. Сондай-ақ, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында маңызды бағыттары талқыланып, ауыл еңбеккерлерімен пікір алмасу өтті. Іс-шара соңында облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылды.



