Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді және Қазақстан этностарының тілдерін оқыту арқылы қазақ халқының және еліміздегі этностардың дәстүрлі мәдениетін терең танып, ұлтымыздың рухани байлығын дәріптеу, сондай-ақ келісім мен бірлік, достық пен өзара түсіністік құндылықтарын нығайту болды. Іс-шараға мемлекеттік тілді меңгерген өңір этностарының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен шығармашылық ұжымдары қатысты. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Вокалдық орындау» – қазақ тілінде жанды дауыста патриоттық ән орындау; «Би өнері» – қазақтың ұлттық билерін орындау; «Аспаптық музыка» – қазақтың ұлттық аспаптарында шығармалар орындау. Байқауды тәжірибелі қазылар алқасы бағалады. Оның құрамында: Мәдениет саласының үздігі,Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Аққу» би ансамблінің жетекшісі – Назгүл Әбілхан; Халықаралық,республикалық конкурстардың лауреаты,облыс әкімінің «Үздік аспапта орындаушы» номинациясының иегері Людмила Пропищан, Халықаралық байқаулардың лауреаты, «TOP BAND» вокалдық-аспаптық тобының жетекшісі, Халықаралық «АЗИЯ ДАУЫСЫ» байқауының аймақтық өкілі Думан Баймағанбетов болды. Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, орындаушылық шеберлігін және сахналық мәдениетін атап өтті. Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: «Вокалдық орындау» номинациясы: 1орын – Ни Наташа (корей этно-мәдени орталығы) 2орын – Сабитова Лариса (Бұқар жырау ауданы) 3орын – Горбань Елизаветта (Шет ауданы) «Би өнері» номинациясы: 1орын– Үлгілі хореографиялық ансамбль «Эдельвейс» (Бұхар жырау ауданы, Ғабиден Мұстафин ауылы) 2орын – «Видергебурт» неміс орталығының «Tanzpalette» би ансамблі 3орын – Корей би ансамблі «Киппым» «Аспаптық музыка» номинациясы: 1орын– Перетятько Георгий (Қарағанды) 2орын – Дёмина Дарья (Бұхар жырау ауданы, Ботақара ауылы) 3орын – Коньков Ратмир (Бұхар жырау ауданы, Доскей ауылы) Шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл байқау көпұлтты халқымыздың арасындағы татулық пен бірліктің, өнер арқылы ұйысқан достықтың айқын көрінісі болды.










