HomeBlogБез рубрикиҚарағанды облысының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен грек мәдени орталығы «Понтос»-тың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық грек мәдениеті фестивалі аясында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Қарағанды облысының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен грек мәдени орталығы «Понтос»-тың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық грек мәдениеті фестивалі аясында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов, Грек Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эфталия Какиопуло, Қазақстандағы грек қоғамдары қауымдастығы «Филияның» төрағасы Иван Георгиади, Грекияның дипломатиялық корпус өкілдері, еліміздің аймақтарындағы грек этномәдени бірлестіктері, Қарағанды облысындағы этномәдени бірлестіктер, сондай-ақ Ассамблеяның ардагерлері мен жастары қатысты. Шараны Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей жүргізді. Отырысты ашқан ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер диалогының алаңына айналып, өңірлерде келісімді нығайтудың маңызды құралы болғанын атап өтті. Сондай-ақ, грек орталығы «Понтос»-тың мерейтойы әрбір халық мәдениетінің елдің ортақ рухани мұрасын байытып, көпэтносты Қазақстанды тұрақты әрі үйлесімді ететінін көрсетті. Қатысушыларға құттықтау сөзін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Әзілханов арнады. Ол 30 жыл ішінде Ассамблея тұрақтылықты қамтамасыз еткен, ел бірлігінің және стратегиялық дамуының негізгі факторларының бірі болып отырған бірегей мемлекеттік институтқа айналғанын атап өтті. Кездесудің құрметті қонағы – Қазақстандағы Грек Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эфталия Какиопуло мәдени байланыстардың маңыздылығын және грек диаспорасы қызметі арқылы Қазақстан мен Грекия арасындағы достықтың нығаюын ерекше атап өтті. Дөңгелек үстелдің құрметті қатысушылары қатарында облыстық «Понтос» мәдени орталығының төрайымы Деспина Касапиди, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері болды. Олардың ішінде «Qarmet» АҚ-ның бас директоры Вадим Басин этномәдени бірлестіктермен өнеркәсіп секторының өзара іс-тәжірибесін бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *