
Жиында мемлекеттік органдардың, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелері талқыланды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Анастасия Геннадьевна Щегорцова, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Ыдырысқызы Шанаи, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдулұлы Бөлекпаев, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілдері, еліміздің барлық өңірлерінен келген Аналар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медицина және педагогика саласының мамандары, психологтар қатысты. Отырысты Қарағанды облысының әкімі Е.К. Бөлекпаев ашып, «Ең басты қару – жаза емес, дұрыс бағдар қалыптастыру: рухани даму, спорт, шығармашылық пен ізгілік. Өңірде Футбол академиясы салынып жатыр, шахмат қозғалысы дамуда, «Оқитын ұлт», «Тұлпар мініп, ту алған» жобалары жүзеге асуда, Community-орталығы ашылды, гранттық бағдарламалар мен «Жасыл ел» жұмыс істейді. Мұның бәрі – жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың ел үшін маңызды екенін сезінуге жағдай жасайтын жүйе»,деп атап өтті. ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Анастасия Геннадьевна Щегорцова құттықтау сөз сөйлеп, нашақорлықтың алдын алуда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды біріктіруші институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамды топтастырудағы рөлін атап өтті. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Ыдырысқызы Шанаи кіріспе сөз сөйледі. Баяндамалармен сөз сөйлегендер: Ақмарал Бекесқызы Қдырова – ҚР Бас прокуратурасының Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің бастығы, әділеттің аға кеңесшісі; Алмасхан Дарханұлы Садыханов – ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі; Ерлан Болатұлы Калмаков – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры; Ольга Викторовна Смирнова – ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы; Жандос Ақтаев – «ESBOL QORY»корпоративтік қорының атқарушы директоры. Спикерлер атап өткендей, нашақорлықпен күрескешенді тәсілді қажет етеді. Оған ертепрофилактика, психоактивті заттардыңайналымына бақылауды күшейту, оңалту жүйесіндамыту, ата-аналар мен жастарды белсенді тартукіреді. Семинар қорытындысында есірткі құралдарынтұтынудың және заңсыз айналымының алдыналуға, сондай-ақ дәріхана желілерінде тәуелділіктудыратын препараттардың заңсыз сатылуына жолбермеуге бағытталған бірқатар практикалықшаралар мен ынтымақтастық тетіктеріқабылданды. ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» бастамасын іске асыру жастар мен ата-аналар арасында әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға ғана емес, сонымен қатар жалпымемлекеттік құндылықтарды нығайтуға, қоғамдағы келісім мен бірлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.





