Айтулы шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның негізгі құрылымдары – Ақсақалдар кеңесі мен «Жомарт жан» орталығының қайырымдылық жасаушылары қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Ыдырысқызы Шанай, еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалалардан келген Аналар кеңестерінің төрағалары болды.

Форум қайырымдылық мәдениетін дамыту, азаматтық ынтымақтастықты нығайту, қайырымдылық дәстүрлерін насихаттауда қоғамдық бірлестіктер арасындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығына ерекше назар аударылған диалог пен тәжірибе алмасу алаңы болды. Жиналғандар алдында облыс әкімінің орынбасары Ораз Қайсаұлы Тәуірбеков құттықтау сөз сөйледі. Ол Ассамблеяның күші оның бірлігінде және әртүрлі ұрпақтар мен құрылымдардың қоғам игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайындығында екенін атап өтті. ҚХА құрылымдарының өкілдері меценаттық пен қайырымдылықты дамытуға қосқан үлестері туралы кеңінен тоқталып өтті. Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Жабяк Игорь Васильевич, Қарағанды облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Құрметті меценат және қоғам қайраткері Бекзат Комарұлы Алтынбеков, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің басшысы, «Жомарт жан» орталығының мүшесі Увайс Хаважиевич Джанаев,облыстық ҚХА «Жомарт жан» орталығының мүшесі Михаил Коновалов Аналар кеңесінің, Ақсақалдар кеңесінің және «Жомарт жан» орталығының қайырымдылық қызметіндегі өзара іс-қимылдың тиімділігін және аға буын өкілдерінің жастарды мейірімділік дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеп, игі істер жасауда үлгі-өнеге көрсетіп отырғандығын атап өтті. Қарағандыдағы «Жақсылық күш» форумы қайырымдылық жасау – мұқтаж жандарға көмек көрсетумен ғана шектеліп қалмай, сонымен қатар қоғамдық бірлікті нығайтудың қуатты құралы екенін тағы да бір паш еткендей болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның жанындағы Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, «Жомарт жан» орталығы ізгілік пен татулықты ту етіп, келісім жолында адамдарды біріктіріп, қайырымдылық миссиясын одан әрі жалғастыра түсуде.