
Қарағанды Ассамблеясы құрамында 28 этномәдени бірлестік, ҚХА-ның барлық қоғамдық құрылымдары, 10 шығармашылық ұжым, ана тілін оқытатын 7 жексенбілік мектеп және 2 қолөнершілер клубы бар. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шараларға белсенді қатысуда. Тек Қарағанды облыстық ҚХА-ның күшімен 1500-ден астам ірі іс-шара өткізіліп, оған 52 мыңнан астам адам қамтылды. Қарағанды облысының Ассамблеясы бірлік пен келісімді нығайтуға айтарлықтай үлес қосып отыр, ҚХА-ның барлық бағыты бойынша мазмұнды, креативті әрі жарқын жобаларымен ерекшеленеді.


