Іс-шараға ҚХА Аналар кеңесінің Қарағанды облысындағы мүшелері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өкілдері, сондай-ақ қаладағы дәріханалық ұйымдардың басшыларымен қызметкерлері қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – тәуелділік тудыратын дәрілік препараттардың заңсызсатылуына қарсы іс-қимыл шараларын талқылау, сондай-ақ нашақорлықпен күрес пен халық денсаулығын қорғау саласында мемлекет, қоғамжәне бизнес арасындағы әріптестікті нығайту болды. ҚХА Аналар кеңесінің бастамасымен іске асырылған «Салауатты сана» жобасы жас ұрпақты патриотизм, азаматтық жауапкершілік және салауатты өмір салты рухында тәрбиелеугебағытталған. Оның басты бағыты – «Жасылсертификат» бастамасы. Ол дәріханаларға қоғамдық мониторинг жүргізуді және рецепт арқылы берілетін, тәуелділік тудыратын дәрілік препараттарды заңға сәйкес сататын фармацевтикалық ұйымдарға сертификат табыстауды көздейді.
Кеңес барысында Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Айжан Қиясова мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналықжәне фармацевтикалық бақылау комитетініңҚарағанды облысы бойынша департаментініңфармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілікзаттар мен медициналық бұйымдарға бағамониторингі бөлімінің басшысы Дарья Росовскаясөз сөйледі.

Кездесудің негізгі қорытындысы – ҚХА Аналаркеңесі мен Қарағанды қаласының фармацевтикалық қауымдастығы арасында Ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың тәуелділік тудыратын препараттардың заңсыз айналымының алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылға ниетті екенін бекітті. — «Мемлекет, қоғам және бизнестің күш-жігерін біріктіргенде ғана біз нашақорлық пен өзгеде әлеуметтік сын-қатерлерге тиімді түрде қарсытұра аламыз. «Жасыл сертификат» бастамасы – қоғамның дәріханалық ұйымдарға деген сенімінқалыптастырудың және ұлт денсаулығын нығайтудың маңызды құралы», — деп атап өттікеңеске қатысушылар. Іс-шара соңында тараптар «Салауатты сана» жобасы мен «Жасыл сертификат» бастамасы аясындағы ынтымақтастық нашақорлыққа қарсыкүреске, дені сау әрі жауапты ұлт қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтардың фармацевтикалық салағадеген сенімін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.