HomeBlogЖаңалықтарҚазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Қарағанды облысының ҚХА мүшелері Осакаров ауданының тұрғындарына «Достықпен гүлденген Сарыарқа» атты көрмені таныстырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Қарағанды облысының ҚХА мүшелері Осакаров ауданының тұрғындарына «Достықпен гүлденген Сарыарқа» атты көрмені таныстырды.

Облыстың этномәдени бірлестіктерінің қызметі туралы баяндайтын көрме аудандық Мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылды. Онда ҚХА мүшелері мен өңірдің этномәдени бірлестіктерінің қолымен жасалған ақпараттық материалдар мен қолданбалы өнер туындылары ұсынылды. Одан әрі іс-шара концерт залында жалғасты, онда ҚХА-ның өңірдің дамуындағы бірегей рөлі мен жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді. Фильм аяқталғаннан кейін халықпен кездесу өтті. Оған қатысқан: — Жабяк Игорь Васильевич — Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ақсақалдар кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, — Молотов-Лучанский Вилен Борисович — өңірдегі ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор; — Қасембаева Гүлнара Қалиқызы — Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры, — Шиллер Марина Васильевна — облыстық Аналар кеңесінің мүшесі, «Өмір сыйла» және «Благо» қайырымдылық қорларының құрылтайшысы, — Ракишев Ернар Курсакович — SMART Assembly жобасының жетекшісі, жастар арасындағы қоғам белсендісі.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларының қатысуымен концерттік бағдарламамен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *