HomeBlogБез рубрикиҚазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Қарағанды облыстық Достық үйінде ҚХА Қарағанды облысы Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы аясында «Неке-отбасылық заңнамадағы жаңа өзгерістерді талқылау және отбасын нығайту мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда медиацияның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Қарағанды облыстық Достық үйінде ҚХА Қарағанды облысы Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы аясында «Неке-отбасылық заңнамадағы жаңа өзгерістерді талқылау және отбасын нығайту мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда медиацияның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері, Қарағанды облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, кәсіби медиаторлар, өңірлік Аналар кеңесінің мүшелері, «Саломея» отбасын жоспарлау орталығы, «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры, сондай-ақ Қарағанды облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі қатысты. Талқылау барысында спикерлер неке-отбасылық қатынастар саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістердің отбасы институтын нығайтуға, ерлі-зайыптылар мен балалардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу шараларын күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Қатысушылар заңнамалық базаны жетілдірумен қатар, қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін, тұлға құқықтарына құрметпен қарауды және отбасы мүшелерінің өзара жауапкершілігін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар алдағы уақытта да өзара ынтымақтастық орнатуға, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға, отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *