8 қараша күні Достық үйінің конференц-залында «Мәміле» сөйлесу клубының салтанатты жабылу кеші өтті. Клуб 2025 жылдың сәуірінен қазан айына дейін А1 (қарапайым) және А2 (базалық) деңгейлерде өтті. Офлайн форматтағы кездесулерге 30-ға жуық адам қатысты. Осы уақыт ішінде қатысушылар қазақ тілін үйреніп, ұлттық салт-дәстүрмен және құндылықтармен танысты. Кеш соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар, сертификат және естелік сыйлықтар табысталды.

