
Сапардың мақсаты – аймақтың және тұтас елдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуда шешуші рөл атқаратын жұмысшы мамандық иелеріне ризашылық білдіру. Кездесу барысында Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланғанын атап өтіп, осы кезеңде өндірістің басында тұрған, еңбегімен елеулі жандар ерекше назарда болатынын жеткізді. Жұмысшылар – бұл экономиканың негізін құрайтын, Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін азаматтар. Еңбек ұжымының үздік өкілдеріне арнайы алғыс айтылды: Рустам Жұмагұлов – 5-разрядты оптикалықсымдар жинаушы; Юрий Пирус – 5-разрядты әмбебап станокшы; Владимир Базилевский – 6-разрядты кабельдермен сымдарды пластикатпен және резеңкеменқаптаушы. Олардың кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі мен іске адалдығы тек әріптестеріне ғана емес, сонымен бірге жас буын жұмысшыларына да үлгіболды. Қарағанды облысының ҚХА өкілдері мұндайкездесулер еңбектің маңыздылығын, өз қолдарымен материалдық игілік жасайтын адамдарға дегенқұрметті еске салатын маңызды шара екенін атапөтті. Бұл – жұмысшы мамандықтарының елдің ортақ болашағына қосқан үлесінің айқын дәлелі.