
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ
Қиясова Айжан Қазимирқызы – 09.04.1977 жылы туған, «PORTUS» ЖШС директоры, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның төрайымы.
Марапаттары:
ҚР Президентінің, ҚР Мәдениет министрлігінің,
Қарағанды облысы әкімінің,
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Алғыс хаттары
Белсенділік деңгейі жоғары
•Қарағанды облысының ҚХА Аналар кеңесі 2013 жылы құрылған.
•Облыстың барлық қалалары мен аудандарында филиалдары мен өкілдіктері бар.
•Кеңес мүшелерінің саны – 20 адам.
•Аналар кеңесінің міндеті — отбасы және ана институтын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша шараларды іске асыру.
•Кеңес — қоғамдық құрылым, ҚХА-ның консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
•Негізгі жобалар: қайырымдылық, көпбалалы отбасыларға көмек.
•Байланыс телефоны: 8 778 398 45 03
•Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 64, 218-каб. (Достық үйі)