HomeBlogЖаңалықтарҚасиетті Құрбан айт мерекесі аясында «Бирлик» өзбек этномәдени орталығы қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Қасиетті Құрбан айт мерекесі аясында «Бирлик» өзбек этномәдени орталығы қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Қасиетті Құрбан айт мерекесі аясында Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданындағы «Таңшолпан» балаларды қолдау орталығында «Бирлик» өзбек этномәдени орталығы қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Этномәдени орталық өкілдері орталық тәрбиеленушілерімен кездесіп, ұлттық тағам – өзбек палауын әзірлеп, мерекелік дастархан жайды. Кездесу барысында Құрбан айттың рухани маңызы, адамгершілік пен бауырмалдық құндылықтары туралы әңгіме өрбіді. Бұл игі шара қоғамдағы мейірімділік, бірлік пен татулық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.