
2026 жылғы 6 маусымда Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған «BaiQymyz» ұлттық тағамдар және қымыз гастрофестивалі өтті. Ауқымды іс-шараға Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары, сондай-ақ Қарағанды облыстық Достық үйі жанындағы «Ісмер» қолөнершілер клубының мүшелері қатысты.
Қатысушылар қымыз дайындау дәстүрлерімен тереңірек танысып, оның алуан түрінен дәм татып, ұлттық сусынның ерекше дәмі мен пайдалы қасиеттеріне жоғары баға берді. Мерекенің тағылымды мазмұны, ұлттық мәдениеттің байлығы мен қазақ халқының қонақжайлық дәстүрлері қонақтарға ерекше әсер сыйлап, олардың бойында ұлттық құндылықтарға, тарихи мұраға және мәдени сабақтастыққа деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қымызды көшпелі өркениеттің басты сусыны ретінде дәріптеу, жылқы шаруашылығын дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және өңірлердің туристік әлеуетін арттыру. «BaiQymyz» фестивалі қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын кеңінен танытуға, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды мәдени алаңға айналды. Сонымен қатар, шара қатысушыларға Ұлы даланың бірегей дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп, ұлттық мәдениеттің құндылығын тереңірек сезінуге жол ашты.
Фестиваль аясындағы тағылымды кездесулер мен мәдени іс-шаралар қатысушылардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеуге ықпал етті.