HomeBlogЖаңалықтарҚарағанды облысының Достық үйінде Отбасы күніне орай, Қарағанды облысы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты тағылымды кездесу өтті.

Қарағанды облысының Достық үйінде Отбасы күніне орай, Қарағанды облысы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ата-анаға деген құрметті арттыру және болашақ отбасын құруға дайындалып жүрген жас ұрпақтың жауапкершілігін қалыптастыру.
Кездесуге Қарағанды облысы Аналар кеңесінің мүшесі, “Ісмер” клубының жаныңдағы «JADIGER» қолөнершілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құлымбетова Перизат Қалиханқызы, сондай-ақ Қарағанды облыстық филиалының «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ануарбеков Жақыпбек Жылқыбайұлы қатысты.
Қазақстанда Отбасы күні жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Бұлмереке отбасының қоғамдағы маңызын айқындап, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, сүйіспеншілік пен жауапкершілікті дәріптеугебағытталған.
Кездесу барысында отбасының адам өміріндегі орны, ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері, ата-ананы құрметтеу, өзара түсіністік пен жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды. Мұндай отбасылық тәрбие жас ұрпақтың болашақта саналы азамат әрі жауапты ата-ана болып қалыптасуына ықпал етеді.