HomeBlogЖаңалықтарҚарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Германия Федеративтік Республикасының делегациясы Достық үйінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденеймен кездесті

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Германия Федеративтік Республикасының делегациясы Достық үйінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденеймен кездесті

2026 жылғы 18 сәуір күні Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Германия Федеративтік Республикасы Германия Федералдық үкіметінің қоныс аударушылар және аз ұлттар мәселелері жөніндегі уәкілі, доктор Бернд Фабрициус бастаған делегация Достық үйінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденеймен кездесті. Екіжақты мәдени және дипломатиялық, гумманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды іс-шарада екі ел арасындағы рухани ынтымақтастық, этносаралық қатынастар бағытындағы мемлекеттік саясат талқыланды. Мақсат –Қазақстан мен Германия арасындағы достастық бағытында өзара тәжірибе алмасу. Кездесу барысында тараптар толеранттылық, өзара құрмет қағидаттарын қалыптастыруға және мәдени әртүрлілікті сақтау тақырыбын талқылады. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын нығайтуға ерекше назар аударылды, мәдени саладағы екіжақты қатынастардың бірқатар аспектілерін, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы этносаралық келісім мен азаматтық бейбітшілікті одан әрі нығайту жөніндегі шаралар қозғалды. Германиядан келген делегация Достық үйінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, гуманитарлық ынтымақтастықты жайын талқылады. Сондай-ақ, жергілікті «Видергебурт» неміс мәдени орталығының іскерлігі , Қарағанды өңірінде тұратын этникалық немістерді қолдау мәселесі де талқыланды.