Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік — ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, қоғамдық ұйым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Облыс орталығының тұрғындарын Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдулұлы Бөлекпаев құттықтап, өз сөзінде өңірде түрлі этнос өкілдерінің «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» қағидатын табысты жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол қоғамның бірлігін нығайтуға бағытталған мәдени, қайырымдылық және экологиялық бастамалардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Әзілхановтың өңірлік ҚХА мүшелеріне арналған құттықтауы оқылды. Құттықтауда Қарағанды облысы этносаралық қатынастарды нығайту саласында үлгілі өңірлердің бірі ретінде атап өтілді. Мерекелік шара аясында өңірдің этномәдени бірлестіктерінің үздік шығармашылық ұжымдары патриоттық рух пен Отанға деген сүйіспеншілікке толы музыкалық нөмір орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.










