Қарағанды облысының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт Жан» орталығының «Шаңырақ астындағы жаңа жыл!» мерекелік шарасы өтті.
Мерекеге өңірдің қалалары мен аудандарынан 200 бала және облыстың этномәдени бірлестіктерінің балалары қатысты. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын көрсететін бірлік, мейірімділік және өзара сыйластық атмосферасында ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарлама аясында кішкентай қонақтар үшін қазақ тіліне дубляждалған «Ледниковый период – 3» анимациялық фильмі көрсетілді, сондай-ақ аниматорлардың қатысуымен көңілді ойындар өткізілді.
Шараның ең басты сәті – Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы шыршасының жанында өткізілген «Шаңырақ астындағы жаңа жыл!» жарқын мерекелік қойылымы болды.
Мерекеге қатысушыларға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Рахметоллаұлы Бикенов пен Қазақстан халқы Ассамблеясы Қарағанды облыстық «Жомарт Жан» орталығының төрағасы, «Умырзая» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің Құрметті мүшесі Шамиль Абзалетдинович Осин жылы тілектерін білдірді.
Көрермендерді өнерпаздардың жарқын қойылымдары, көңілді сайыстар мен ойындар, мерекелік атмосфера, сондай-ақ жағымды тосынсыйлар мен жаңа жылдық сыйлықтар қуанышқа бөлеп, тамаша көңіл-күй сыйлады және балаларға ұмытылмас әсер қалдырды.
Осы іс-шараны өткізу Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік миссиясын жүзеге асырудың, қоғамдық келісімді нығайту, балаларға қолдау көрсету және өзара түсіністік пен бірлік дәстүрлерін дамытудың тағы бір айқын көрінісі болып табылады.




