HomeBlogЖаңалықтар«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2026 жылғы 4 сәуірде қалалық сенбілік өтті. Қоршаған ортаны қорғау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясына Қарағанды облысы ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері жоғары белсенділік танытты. Акцияға 100-ден астам адам қатысты. Сенбілік барысында Қарағанды қаласы, Строителей көшесі, 31-үй мекенжайындағы аумақ ретке келтірілді. Қатысушылар аумақты тазалап, 123 қап қоқыс, жапырақтар мен сынған бұтақтарды жинады. Акцияның мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дәріптеу. Тазалық табалдырықтан басталады!