HomeBlogЖаңалықтар«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарағанды облысында ағаш отырғызу іс-шарасы өткізілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарағанды облысында ағаш отырғызу іс-шарасы өткізілді

25 сәуір күні Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясы аясында Қарағанды облысында ағаш отырғызу іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға 100-ден астам этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері және оның құрылымдары, сондай-ақ «Ассамблея жастары» жастар қанаты қатысты. Іс-шара барысында арнайы орнатылған LED-экран арқылы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телемост тікелей эфирде көрсетілді. Қатысушылар Президенттің үндеуін тыңдап, жалпыұлттық бастамаға қолдау білдірді. Акция аясында қатысушылар өңірді көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысып, экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлестерін қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Аталған бастама қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанымыз әрдайым гүлдене берсін!